ЖАҢА ӘЛІПБИ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ДАМУЫНА ТЫҢ ӨРІС АШАДЫ
Аталмыш шараға ЭМБ жетекшілері мен белсенді мүшелері, облыстық Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, жастар қанатының мүшелері, ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңаруы мен дамуына ықпалы жайлы айтып өтті.
Қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу мәселелері жөнінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі А.Абасилов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Гейдарова, «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МҚК директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н.Мұсаева хабарлама жасады.
Дөңгелек үстелде облыстық Аналар кеңесі төрайымы Р.Смаханова, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбішев, «Қызылорда облыстық кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі В.Шин, Еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Ли, облыстық Жастар қанатының мүшесі Е.Павлова өз пікірлерін білдірді.
Шара соңында қатысушылар жаңа әліпби мемлекеттік тілдің дамуына тың өріс ашады деген тұжырым жасады.