ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖЕР-2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі орын алған кезде төтенше жағдайды жоюға басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындау мақсатында /оқу-жаттығу өтетін басты штаб Жамбыл облысы Тараз қаласында/ кеше және бүгін Қызылордада «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығуға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері; "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесі, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ облыстық филиалы, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы" АҚ-ның Қызылорда жол бөлімшесі филиалы, "Қазгидромет" мекемесінің облыстық филиалы; жұмылдыру дайындығы басқармасы, "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, облыстық жер қатынастары басқармасы, "Қазсушар" кәсіпорнының Қызылорда филиалы және облыстық басқа да авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдары қатысты.
2017 жылғы 12 қазанда сағат 08.00-де Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірыңғай кезекшілік-дистпечерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісіне жер сілкінісі қаупі туралы «Апат-999» шартты белгісі берілді.
Жергілікті атқарушы органның жедел тобы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бөлімшелерінің аудандарға шығу маршруттарын, басқару пункттерінің қанат жаю орындарын, халықты жинау пункттерін, баспанасыз қалғандарды, санитарлық және қайтарылмайтын шығындарды, жинау эвакуациялық пункттерді, зардап шеккендерді аудандарға орналастыру және эвакуация маршруттарын, сонымен бірге авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды нақтылады.
Сағат 11.00-де Қызылорда темір жол стансасының жүк тиеу алаңында төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы өткізіліп, техникаларды теміржол көлігіне тиеуі пысықталды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев республикалық «Хабар» агенттігі, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТД» телеарналарының тілшілеріне оларға оқу-жаттығу барысы туралы сұхбат берді.
Осыдан кейін төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы Астана даңғылында өткізілді.
Осы екі кезең бойынша өткізілген оқу-жаттығуға барлығы 308 адам, 70 техника, 25 құрылым қатысып, дайындықтарын көрсетті.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы