АЙМАҚТА 3500 ТОННАДАН АСТАМ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ БАР

Басқарма басшысының орынбасары облыста мұнай өнімдерінің қоры мұқият қадағаланып отырғандығын жеткізді. Дәл қазір аудандар мен Қызылорда қаласындағы жанар-жағар май құю бекеттерінде 1646,1 тонна АИ-92 маркалы бензині; 104,6 тонна АИ-80 және 1590,2 тонна дизель бар.
– Негізсіз баға өсімінің алдын-алу және жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен бірлесіп облыстағы жанар-жағар май құю бекеттерінде бағалардың негізсіз өсуі бойынша тексерулер жүргізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізуде, – деді Азамат Досжанов.