ЛАТЫН ӘРПІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТАДЫ

Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жол екендігі сөз болды. Дөңгелек үстелді жүргізген бөлім басшысы Нұрлыбек Есбосынов пікірсайыс еркін ой айтудың мүмкіндігі екендігін атап көрсетті.
Шарада мәселе төңірегінде пікір айтқан азаматтар тілдің қоғам дамуы үшін үнемі жетілдіріліп, жаңғырып отыру қажет екендігін айтты. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында қатысушылар сауалнама арқылы өткізілген іс-шараға өз бағасын берді.