ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Оқиға осы жылғы 3 мамырда болыпты. Таңғы сағат бестер шамасында бетперде киген 4 азамат Қайнарбаев көшесінде орналасқан үйге баса көктеп кіріп, 39 жастағы үй иесін және 37 жастағы сіңлісін қарумен қорқытады. Олардың аяқ-қолдарын байлап, 130 мың теңге ақша мен сол үйде орналасқан дүкеннен темекіні қораптап алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 230 мың теңге болыпты.
Құрылған арнайы тергеу тобы қылмысты ашуға кірісіп, барлық ақпараттар мен деректер тексеріліп, жан-жақты нұсқалар қарастырылды. Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде 22, 25, 28 және 27 жастағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1 және 3 тармағы бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.