ОБЛЫС ПРОКУРОРЛАРЫ РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Семинар барысында жобалық менеджменттің тәсілдері, оларды қолдану және жобалау жолдары, жобалық басқарудың құралдары атап өтілді. Делегаттар бұған дейін Белгород облысымен жүзеге асқан бірқатар жобаларды көрсетіп, олардың нәтижелерімен бөлісті.
Семинар барысында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов прокурорлық тұрғыдан бұл жобалық менеджменттің пайдасын атап өтті.
– Прокуратура органдарының жұмысын жобалық менеджмент арқылы жүзеге асыру біздің жұмысымызды жүйелі түрде жобалауға мүмкіндік беруде, - деді Халидулла Дәуешов.
Делегаттар прокуратураның заманауи және креативті жұмыстарын оңды бағалап, бұл тектес жобалық менеджмент тәсілдерін қолдануды Белгород облысының прокурорына ұсынғанын атап өтті.