ШИЕЛІЛІК ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Отанды қорғау – әрбір азаматтың борышы екені анық. Шиелі ауданының орталығында «Отанды қорғау қасиетті борышымыз» атты жастарды әскер қатарына шығарып салу шарасы өткізілді.
Дәстүрлі шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жастарға лебізін арнады. Олардың еліміздің тыныштығын қас-қақпай қорғайтын сарбазға айналуына тілек қосты. Сондай-ақ, әскерге аттанатын 20 жасқа аудан әкімінің сыйлығы табысталды.
Жалпы жыл басынан бері 93 жас әскер қатарына қабылданса, жыл аяғына дейін тағы 119 бозбала азаматтық борышын өтеуге аттанатын болады.

