МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

– Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ететін бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімдік оқу курстарына 2 мыңнан астам жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды. Біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмыс берушілердің оқу орталықтарында азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің ұсынысын қолдап, жаңаша оқыту басталды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Ергешбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген. Бағдарламаға сәйкес, аймақтан солтүстік өңірлерге 357 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, нақты коңыс аударғаны 32 отбасы (132 адам) болып отыр.
Айта кетейік, осы жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар аясында 27 мың адам жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылды. Облыс бойынша жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.