ЕЛБАСЫ АСТАНА ІРГЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЗАМАНАУИ ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫН АШТЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық Ұланның жедел бригадасына арналып салынған елорда іргесіндегі заманауи әскери қалашықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бригаданың жеке құрамына жауынгерлік туды табыс етті.
«ТМД мемлекеттері арасында теңдесі жоқ әскери қалашық елордамыз Астананың дәл жүрегінде орнатылды. Сіздердің жақсы жаттығуларыңыз үшін, өмір сүрулеріңізге барлық жағдай жасау үшін осындай жұмыстар атқарылды. Ішкі істер құрамы Ұлттық гвардия дәрежесін алып атағын өзгертті. Ол да сіздерге деген мемлекеттің зор құрметі деп саналады. Сіздердің алдарыңыздағы міндет - еліміздің тыныштығын қорғау, Қазақстан азаматтарының құқығын сақтау үшін қылмысқа қарсы күресу», - деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, әскери қалашықтың құрылысы 2009 жылы басталып, оны «Квинтек» ЖШС жүргізген болатын. Жалпы аумағы 20 гектарды құрайтын қалашықтың инфрақұрылымы бригада ұжымының кәсіби шеберліктерін жетілдіру, Астана қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүктелген міндеттерді сапалы атқаруға зор мүмкіндіктер ашады. Қалашықта әскери ұжымның тыныс-тіршілігі үшін барлық қажетті нысандар салынған. Мәселен, штаб ғимараты, 3 жауынгерлік казарма, 2 асхана, автомобиль паркі, заманауи үлгіде жабдықталған мультимедиялық ату тирі, стадион, оқу ғимараты, 60 жатын орны және амбулаториялық ем алу үшін 100 орындық лазарет бой көтерген.