ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҒЫЗ АЙДА ОН МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

- Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 22543 адам хабарласып, соның ішінен 10767 адам жұмысқа орналасқан. Облыста 91 рет бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, 944 жұмыс беруші 4069 бос жұмыс орнын ұсынды. Осы шараларға 6392-ден астам жұмыс іздеуші қатысып, оның 5734-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді, - дейді басқарма басшысы.
Брифингте басқарма басшысы «Өрлеу» пилоттық жобасы жайлы да айтып өтті. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында енгізілген жоба 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың барлық 7 ауданын қамтыды.
Брифинг соңында басқарма басшысы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
