БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Спортшы балаларға шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың әдіс-тәсілдерін үйретті.
Т.Мәуленов 2000 жылы дүниеге келген. Осы уақытқа дейін жастар арасында өнер көрсетіп келген спортшы биылғы жылдың шілде айында Алматы қаласында ересектер арасында сынға түсіп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Халықаралық жарыстарда ел атағын аспандатып жүрген спортшы алда Египетте өтетін халықаралық турнирге, АҚШ-тың Майами қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына қатысады.