«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ»
Қызылорда қаласындағы №1 мектеп-гимназия базасында 5-11 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру - өскелең ұрпақтың дара жолы» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Ұлттық өнерге мейілінше сусындаған шығармашылық тұлға қалыптастырып, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамытуды насихаттауды, мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы саналатын айтыс өерінің дамуына үлес қосуды көздеген шараға қатысқандар қатары қалың болды.
Ортаға шыққан жас ақындар Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласы жайлы жыр төкті, рухани жаңғырудың қоғамды дүр сілкіндірген құбылыс болғандығын тілге тиек етті.
Қазылар шешімі бойынша сөз сайысында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды:
Бірінші орын Қызылорда қаласы, №197 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ерасыл Байментаевқа бұйырды.
Екінші орын иегерлері екеу –Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Зере Алмат пен Мұрагер мектебінің 7 сынып оқушысы Сандыбай Піржан.
Айтыста аралдық оқушы Данияр Сламов, Қазалы ауданынан қатысқан Аружан Иман, Жаңақорғаннан келген Ролан Біржан мен Нұрлан Төлегенов, Қызылорда қаласының жас ақындары Бағдәулет Әбілдаев пен Шаттық Амангелді үшінші орын жүлдесін алды.