ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ СУЫҚТА СЫРТТА ҚАЛҒАН БАЛАНЫ ҰМЫТЫП КЕТКЕН
Бұл оқиға Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылындағы «Раушан» балабақшасында болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Тәрбиешілер баланы күннің салқындығына қарамастан сыртқа дәретке отырғызған. Бірақ баланы ұмытып кетіп, бүлдіршін салқында отырып тоңып қалған. Оны кешкілік уақытта ата-аналардың бірі көріп қалып ішке кіргізіпті.
Балабақша меңгерушісімен осы оқиғаға кінәлі қызметкерлерге тәртіптік шара қолданғанын айтты.
«Бала үлкен дәретке шығатын болған соң далаға отырғызып қойған. Бірақ ұзақ отырып қалыпты. Кінәлілердің бәріне сөгіс берілді. Мұндай жағдайлар алдағы уақытта қайталанбайды», – деді балабақша меңгерушісі Смакүл Елжанова.