ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК - ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТА
Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесе отырып, «Қызметтік көлік - қызметтік мақсатта» атты акцияны қолға алды. Шара аясында облыстық әкімдіктің автокөліктеріне арнайы белгілері бар жапсырмалар орналастырылды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік көліктерін жеке жұмыстарына пайдалануға тыйым салуды көздеген акция Қызылорда қаласы мен аудандарда жалғасын табатын болады.
Енді кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса 8-705-787-26-26 WhatsАpp нөміріне немесе 70-56-06 call-орталығына хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдай алады.