ACTIV АБОНЕНТТЕРІ «ҚАЗПОШТА» АҚ АРҚЫЛЫ МОБИЛЬДІ ТЕҢГЕРІМНЕН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЛА АЛАДЫ
«Кселл» АҚ мобильді қаржылық қызметтерді (MFS) дамытуды жалғастыруда. Енді Activ абоненттері бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ 3,4 мыңнан астам бөлімшелерінде өздерінің мобильді нөмірлерінің теңгерімінен ақшалай қаражатты ала алады.
– «Қазақстанның кез-келген «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен ақшалай қаражат алу мүмкіндігі біздің абоненттеріміз үшін тиімді бола түстіі. Біз «Қазпошта» АҚ-мен стратегиялық серіктестікке қуаныштымыз, бұл қазақстандықтарға арналған мобильді қаржылық қызметтер саласында цифрлық технологиялық шешімдердің жалпы қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе маңызды, себебі «Қазпошта» АҚ бөлімшелері Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінде де бар. Осы қызметті іске қосу біздің абоненттеріміз үшін мүлдем жаңа мүмкіндіктерді ашады, өйткені қазіргі уақытта теңгерім тек қана мобильді байланыс ақысын төлеуге ғана емес, сонымен қатар клиенттердің күнделікті басқа да жұмыстарын шешуге арналған.. Біздің клиенттеріміздің игілігі үшін жетекші орынды сақтау үшін инновациялық өнімдерді дамытуға ерекше назар аударуды жалғастырамыз, - деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
«Кселл» компаниясы 2015 жылдан бастап жалпы нарықта мобильді қаржылық қызметтерді белсенді түрде дамытуда. Қазіргі уақытта компания абоненттері әртүрлі ойын-сауық шаралары үшін мобильді нөмірлердің теңгерімінен билеттерді сатып ала алады, автотұрақтар үшін және Алматы қаласының қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын төлейді. mobiMoney порталы арқылы тауарларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, онлайн-ойындар үшін төлем жасауға болады.
– Бұдан бұрын осындай шартты «Beeline Казахстан» мобильді операторымен, сондай-ақ Wooppay және Яндекс.Ақшалар жүйелерінің өкілдерімен жасасқан болатынбыз. Әрбір қазақстандықтың Қазпоштаның кез келген бөлімшесінен қажетті қызметтерін алуы үшін біз өз қызметтеріміз бен сервистерімізді одан әрі дамыта бермекпіз, – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ қаржылық және агенттік қызметтер жөніндегі атқарушы директоры Айнұр Күнқожаева.
Қызметті іске асыру үшін техникалық шешімді Wooppay электрондық ақша жүйесі ұсынды. «Мобильді қаржылық қызметтерді дамыту - біздің еліміздің цифрлы экономикасын қалыптастырудың маңызды элементі. Біздің әріптестерімізбен бірге жаңа, пайдалы өнімдерді жасай отырып, осы бағытты дамытуға белсенді түрде қатысуды жалғастырамыз деп жоспарлап отырмыз» – деп WOOPPAY (ВУППЭЙ) ЖШС қаржы директоры Хайрулла Джусупов өз ойын білдірді.
Теңгерімнен ақшаны қалай алуға болады:
1. Activ мобильді нөмірінің теңгерімінен қолма-қол ақша алу бойынша операцияны жүргізу үшін «Казпошта» АҚ кез келген бөлімшесіне Операторға жүгініңіз;
2. Жеке куәлігіңізді беріңіз және ақша алынатын телефон нөмірін айтыңыз;
3. «mobiMoney» қысқа нөмірден осы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама алыңыз;
4. «Қазпошта» АҚ Операторына растау кодын және алынатын соманы айтыңыз;
5. Оператор растау кодын тексергеннен кейін қолма-қол ақшалай қаражатты алыңыз.
Алу үшін комиссияны ескере отырып, алуға болатын ең аз сома 1 000 теңге, ең көп сома 96 154 теңге. Бір нөмірден немесе бір клиенттен ақшаны алу үшін ай сайынғы лимит 100 АЕК (226 900 теңге).
Операция бойынша комиссия алған соманың 4% құрайды, ең төменгі комиссия - 150 теңге.
Қызметтің толық сипаттамасы mobimoney.kz төлем қызметінде көрсетілген.