ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ТАЛАНТТЫ ЖЕРЛЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ
Жаңақорған ауданында Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында режиссер, драматург Əмір Мәжитовтің 80 жылдығына орай мəдени шара өтті.
Өңір руханиятын өрістетуге үлес қосқан өнер иесін еске алуға жиналған меймандарға аудан əкімі Ғалым Əміреев лебізін білдіріп, Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбайұлын 70 жас мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.
Кешке жергілікті өнерпаздармен қатар ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты.
Мәдени шарада қонақтарға режиссердің "Бір үзім нан" пьесасы көрсетілді.