ҚАРМАҚШЫДА ЕГІН НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Биыл Қармақшы ауданындағы ауылшаруашылығы құрылымдары өздеріне бекітілген 14209 гектар егістік алқапқа күріш дақылын егіп, қазір оны жинап алуда аянбай еңбек етуде.
Қазіргі таңда аудан диқан-механизаторлары күріштің соңғы гектарларын бастыруда, бүгінде орташа өнім гектарына 56,5 центнерден айналып тұр. Сыр салысын төкпей-жинап алуда білікті маман Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» ЖШС егіншілері алда келеді. Олар 3200 гектар күріштік алқаптың әр гектарынан 67 центнерден өнім алып жатыр. Ал Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқан-мехиназаторлары өздеріне бектіліген 1510 гектар Сыр салысының әр гектарынан 66 центнерден, Нұржан Пірмантаев басқаратын «Тұрмағамбет» ЖШС әр гектардан 59 центнерден, ал Милияр Арифов жетекшілік ететін «Достық Жер МК» мен «Ораз ахун» ЖШС егіншілері 48 центнерден өнім жинауда.