ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ҚҰБЫРЛАРЫН АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Оқыс оқиғаның құрбаны болған азамат «Жаңарту» компаниясының жұмысшысы екен. Оның қасындағы әріптесі қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Қоғам ТВ».
Телеарнаның хабарлауынша қайғылы оқиға әл-Фараби көшесі бойындағы су құбырларын ауыстыру кезінде болған. Жұмыс кезінде аяқ астынан опырылған топырақ 2 адамды басып қалған. Оның бірі оқиға орнында қайтыс болса, екіншісі ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер ауруханаға түскен жұмысшысының бірнеше қабырғасы сынғанын айтады. Оқиғаға байланысты жөндеу жұмыстары уақытша тоқталды.