ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ГЕКТАР ЕСІРТКІ АЛҚАБЫ АНЫҚТАЛДЫ
Есірткі алқабы Сырдария ауданының Шаған ауылына жақын маңда орналасқан. Алқаптан 715 түп марихуана тәркіленді. Аталған қылмысты анықтаған «Дельта-Сырдария» арнайы бөлімі «Есірткісіз болашақ» жобасы аясында құрылған. Олардың қатарында оңтүстік аймақтағы үздік оперативті қызметкерлер мен «Бүркіт» арнайы жасағының өкілдері бар. Жоба басталғалы бері есітркі өсірумен айналысқан 14 адам ұсталып, 7 қылмыскер іздестірілуде. Соңғы дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.
– Аймақта соңғы жылдары есірткі қылмысы көбейгені байқалғандықтан прокуратура осы жобаны қолға алды. Мысалы, 2016 жылдың өзінде осы санаттағы қылмыс 15 пайызға артқан. СПИД орталығы берген ақпаратқа сәйкес, өңірде есірткіге тәуелділер қатары жыл сайын 200 адамға толығып отыр, – Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов.