ЧЕК ЖОЛДАҒАНДАР СЫЙЛЫҚТЫ БОЛДЫ

Акция басталғаннан бері Қызылордадан конкурсқа 62442 чек қатыстырылған. Қыркүйек айында 720 адам 9778. чек жолдаған
Департаменттің мәжіліс залына белсенді ойыншылар шақырылып, комиссияның қатысуымен бағдарламалық кездейсоқ таңдау әдісімен жеңімпаздар анықталды.
Бірінші жүлде (DVD-караоке) Қызылорда қаласының тұрғыны Сырбаз Телжанға бұйырды.Екінші жүлдеге тігілген сыйлықты (DVD-плейер) қызылордалық Азиза Шонай қанжығасына байлады.
Үшінші ретте бағдарламаның таңдауына Жалағаш ауданының тұрғыны Бауыржан Абдраманов ілікті. Оның жүлдесі 3D көзілдіріктер жинағы.
Бірнеше белсенді ойыншылар департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Еске сала кетейік, «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы электронды форматта, көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға сатып алған тауары немесе көрсетілген қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Негізгі мақсат - тұтынушылар белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру.
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы