БОЗЫМБАЕВ ЕЛБАСЫДАН СӨГІС АЛДЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды», – делінген Ақорда сайтында.
Еске салайық, кеше үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізетінін мәлімдеген еді.