ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ
№9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының базасында "Кім ұтқыр?" облыстық интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Сайысқа қатысқан 12 оқушы арасынан Сырдария ауданы №35 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Нұрбек Әбіласан бірінші орын иеленді.
Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Динара Ақмолдаева, Қызылорда қаласы,№3 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Дамира Мұратбек екінші орын биігінен көрінді.
Ал Қазалы ауданы, №234 орта мектептің 7 сынып оқушысы Аружан Қонысбай, Шиелі ауданы, №46 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Жүсіп Әбдітағай және Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Мақсат Батмановтарға үшінші орын жүлдесі бұйырды.