ҚАЛАЛЫҚ СОТ ТОҒЫЗ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Іс-шараны қалалық соттың судьясы Кәмшат Садуақасова ашып, сот жұмысының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.
Қалалық сотқа осы жылдың 9 айында 15234 азаматтық іс пен талап арыз түскен, оның ішінде 7850 іс бойынша шешім шығарылған.
Баспасөз конференциясында К.Садуақасова «100 нақты қадам» ұлт жоспарының орындалуы мақсатында кәсіби сот жүйесін дамыту, соттардың жұмысына ақпараттық технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты ақпарат берді.
Шара соңында БАҚ өкілдерінің сауалына орай медиация заңының сот тәжірибесінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығы жайлы кеңінен айтылды.