ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аталған шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Б.Маханова, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Қызылорда облысы бойынша департамент директорының орынбасары Ж. Ахетова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Н.Жакудаев қатысты.
«Ашық есік» күнін өту барысында шараға қатысқан мекеме өкілдері зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, бір төлемнен басқа төлемге аудару, төлем мөлшері туралы, әлеуметтік сақтандыру түрлері жайлы тұрғындар сауалдарына орай түсіндірме жасады.
Шарада азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер, дәлірек айтқанда 2018 жылғы 1 шілдеден бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғаюы, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындаудағы өзгешеліктер жайлы кеңінен айтылды.