НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА СЕРПІН БАР
Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне көрсетіліп жатырған мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі соңғы 4 жылда 48 млрд. теңгеден 80,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Ал саланың негізгі капиталына салынған инвестиция осы кезеңде 17,7 есеге артты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов айтты.
Осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды саралаған облыс басшысының орынбасары аймақта төрт түлік саны 1990 жылғы деңгейден асқанын жеткізді.
Су шаруашылығындағы негізгі мақсатымыз – суармалы жерлерді қалпына келтіру, су қоймаларын жөндеу және жаңасын салу, Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін суды барынша болдырмау және экологиялық қажеттігілікке бөлінген суларды көлдер жүйесіне пайдалану,– деді облыс әкімінің орынбасары. – Біз осы мақсатта Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 су қойманы салу, апатты 2 су қойманы қайта жаңғырту, 188,4 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары және тасқын суларды сақтау, жинақтау және тарату жоспары бойынша қосымша 3 су қойма салынатын болады.
САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-уін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет есебінен бастау жөнінде шешім қабылдады. Соның ішінде, үш компонент (Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзетуді және Қызылорда су торабын кешенді жөндеу) Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасының және бір компонент (Қазалы ауданында Бірлік елді мекені тұсында көпір салу) компоненті Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
2017 жылы елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету үшін 408,4 млн. теңгеге облыстық коммуналдық меншіктегі 7 канал тазалау жұмыстары және өздігінен су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғылары алынып берілетін болады.
Өңірде балық өңдеу саласы қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Бүгінгі күні, облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың.тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Оларда 450-500ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 163 мың гектар сексеуіл егілді. Биыл Оңтүстік Корея Республикасы теңіздің құрғап қалған ұлтанының жеріне фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізуге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.