ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Ерімбетов пен №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Амандықов сала ардагері Т.Серекешовтің шаңырағына барып, қарияны келе жатқан құтқарушылар күнімен құттықтады. Кездесу барысында Ж.Ерімбетов ардагердің 70 жасқа толуына орай лебізін білдіріп, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ардагер Т.Серекешов еңбек жолын Арал қалалық №1 өрт бөлімінде бастап, әр жылдары нұсқаушы, қарауыл бастығы қызметтерін атқарған. Кейіннен ұзақ жыл осы өрт бөлімінің бастығы болып, елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен жан. Кейінгі толқын құрметіне риза болған ардагер жастарға алғысын айтып, батасын берді.