СЫРДАРИЯДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ
Жүйелі жұмыстардың негізінде кәсіпкерлікке ден қойғандар саны күн санап көбеюде. Бұған облыс көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып жүргендерге мемлекет тарапынан қаржылай көмектердің тұрақты көрсетілуі үлкен септігін тигізіп отыр.
Атап айтқанда, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Сырдария ауданының тұрғындарына 211 400 000 теңге несие берілген.
«Береке», «Игілік», «Кәсіпкерлік» бағдарламалары арқылы несиеге қол жеткізген аудан тұрғындары бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Оның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға ден қойғандар көп. Бұл Сырдария ауданының экономикалық өсіп-өркендеуіне зор септігін тигізетіні анық.