ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – КЕЛЕЛІ ІС

Бүгінгі таңда жаңа жұмыс моделімен қызмет көрсету мақсатында орталық күрделі жөндеуден өтіп, орталықта жастарға арналған «Коворкинг», ІТ орталық және спорттық ойын алаңы, спорттық секциялар жұмысын бастап кетті.
Бос уақытын тиімді өткіземін деген жастарға орталықта үстел теннисі, компьютерлік ойындар, PS ойындары да қарастырылған. Орталықта арнайы психолог кабинеті жабдықталды.
Орталықтың жөндеуден кейінгі ресми ашылу салтанатына облысымызда өтіп жатқан республикалық семинар-тренингке қатысушы барлық облыстың Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының мамандары да қатысты.

