АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

– Сырдария ауданы соңғы жылдары дамудың даңғыл жолына түскені белгілі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ауданның экономикалық өсіп-өркендеуі жаңа белеске көтерілді. Алға қойған мақсат-міндеттер де уақытылы орындалып, нәтижелі жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бүгін ауданымызға қарасты Нағи Ілиясов ауылдық округінде жаңадан салынған ауыл әкімдігінің ғимараты пайдалануға берілді. Бұл бәріміз үшін, әсіресе ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш! Жаңа нысанның халық игілігіне пайдалануға берілуі ауылдың болашағы баянды, келешегі кемел екенін айшықтайды,- деген аудан әкімінің орынбасары ғимарат заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Жаңа нысанның ашылу салтанатында ауыл ақсақалы Керейтбай Мамытов көпшілікке бата беріп, әкімдік қызметкерлерінің жұмысына жеміс тіледі.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ



