ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗДІ
Аудан еңбеккерлері ұсынған көкөністер қызу саудаға түсіп, басым бөлігі бірден сатылып кетті. Әсіресе, қыстың қамын жаз ойлаған ағайындар тосап қайнатуға көкөністер мен жеміс-жидектерді молынан алуға тырысты.
Жәрмеңке өтетін межелі орынға жағалай орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын сатушылар тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетті.
Аудан диқандары жеткізген 6 тонна ақ күріш, 2 тонна ақ ұсақ, 2 тонна күріш қалдығы, 15 тонна картоп, 5 тонна қырыққабат, 9 тонна сәбіз, 3 тонна қызылша, 8 тонна жуа, 2 тонна асқабақ, 4 тонна қызанақ, қияр, қауын-қарбыз секілді бақша өнімдері және 3 тонна жүзім, 3 тонна алма, 1 тонна алмұрт, 1 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті және сүт өнімдері мен мал азықтары қала тұрғындарына тиімді бағамен сатылды. Жалпы осы күні барлығы 13 млн теңгенің азық-түлігі төмен бағамен саудаға түсті.