БАСТАМАҒА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Мемлекет басшысы атап айтқандай, латын әліпбиіне көшу процесі тарихи маңызға ие. Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін барша халқымен ортақ талқыға салған емес. Ал осы үрдісті бастап отырған Қазақстан үшін әрбір адамның ойын білу маңызды.
Елбасы кездесуде қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ортаның, тұтас қоғамның жаңа алфавитті талқылауға белсенді түрде араласқанына назар аударып, бұл үдерістен жастар да шет қалмағанын айрықша атап өтті.
Бұл біздің қоғамдағы жаңа буынға деген сенім мен құрмет деп білемін. Қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарынан жастар да шет қалмайды, игілікті бастамаға өз үлесін қосады.
Жандос БАЗАРТАЙ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ тәрбие жұмыстары және
жастар саясаты басқармасының басшысы.