ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күз-қыс мезгілдерінде көмір қышқыл газымен улану жағдайларына жол бермеу үшін жылыту қондырғыларының, пештің, электр және газ қондырғыларының қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтаған жөн. Осы бағытта төтенше жағдайлар департаментінің мамандары апта сайын тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Осы аптада мамандар Наурыз мөлтек ауданы және Иіркөл ауылдық округінде 219 тұрғын үйді аралап, 907 адамға өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын түсіндіріп, 907 жадынама таратты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
