ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Х-ХІІІ ғасырлардағы түркілер қоғамы және оның тарихындағы Кетбұқаның орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей, Түркия мен Оңтүстік Корея елдерінен, Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларынан келген зиялы қауым өкілдері мен көрнекті ғалымдар, сонымен қатар Қызылордадағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Бисенов, университеттің профессор-оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Конференция барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, өнертанушы, күйші, Кетбұқа мұрасын зерттеуші, ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми орталығының қызметкері Мәулет Ардаби, «Шабыт» өнер академиясының профессоры Жанғали Жүзбаев және өзге де зерттеушілер ғылыми баяндамаларын жасады.
Шара соңында оқытушы-профессорлар мен ғалымдар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жолдады.