АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кеңесшісі, азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев пен азаматтық қорғау органдарының ардагері Әбдіуәли Мұсаев ардагер Төлеген Жылқыбаевтың отбасында болып, «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.
Төлеген Жылқыбаев 1932 жылы 16 мамырда Тереңөзек ауданы Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. 1941-51 жылы Тереңөзек ауданындағы орта мектепте 10 жылдық білім алады. Орта мектептен кейін Қызылорда қаласындағы өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші болып қызметке қабылданды. Қырық алты жыл өрттен қорғау саласында аға өрт сөндіруші, бөлімше командирі, қарауыл бастығы, нұсқаушы қызметтерін атқарды. 1998 жылы зейнетке шыққан ардагер 2013 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құрметті ардагер» медалімен марапатталған.
Төлеген ақсақал өзіне құрмет көрсеткен әріптестеріне алғысын жеткізіп, қызмет еткен кезеңінен естеліктер айтты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл
және ақпарат тобы