РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Төраға орынбасары Д.Мыңбай модераторлық етті.
Шараға отбасы, бала және әйел құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ жетекшілері, облыстық, қалалық, аудандық Аналар кеңестерінің басшылары мен мүшелері қатысты. Қызылорда облысының атынан облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Р. Ахметова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р. Смаханова, «Сырдария әйелдері» қоғамдық қорының жетекшісі, Сырдария аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Ұ.Жаналиева, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы директоры, облыстық АНК жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Л.Сқақова, Сырдария аудандық Аналар кеңесі мүшесі Е.Мясцова жиынға қатысып қайтты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Аналар кеңесінің маңызы» тақырыбында Д.Мыңбай хабарлама жасады. Отырыста қазақ халқының рухани мәдениеті негізіндегі қыз бала тәрбиесі, отбасылық тұрмыстық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ұлттық ерекшелікті ескере отырып жастарды тәрбиелеу, жаңа Қазақстандағы ұлттық біртектілікті қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың ролін арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңейтілген отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақтық және аудандық Аналар кеңестері жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Қызылорда облысынан облыстық Аналар кеңесімен бірлесіп, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында жасақталған «Сыр – өнер ордасы» жобасы таныстырылды. Облыстық Аналар кеңесі мүшелері тәрбиеленушілерді ұлттық өнер негіздеріне үйретіп, жақсы жасалған жұмыстары көрмеге қойылды.
