«СОТ КАБИНЕТІ» СЕРВИСІНІҢ МҮМКІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Олар қабылдауда «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін және соттарға енгізілген жаңалықтар бойынша түсіндірмелер берді.
Шара барысында Н.Дүйсенова «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық талап арыздарды беру тәртібін, көрнекті түрде электрондық құжаттарды жіберу жолдарын көрсетті. Ш.Аманқұлов бүгінгі таңда сервистің ұялы телефондарда да қолжетімді екендігін, онлайн портал сервисі сәйкестендірілген қосымшасы арқылы, белсенді жаңалықтарды қарау, сот отырыстарының тізімі, істі қаралу барысы және жолданған құжаттар, сот отырыстары туралы мағлұматты көрсететін сот процестеріне қатысушыларының күнтізбесі секілді көптеген функционалдардың қамтылғандығын атап өтті. Мобильдік қосымшаны қолданушылар «чат» арқылы бір бірімен әлеуметтік желі жаңалықтарымен бөлісе алады.
Спикерлер ағымдағы жылдың 9 айында облысы соттарына «Сот кабинеті» арқылы азаматтардан 24 211 талап арыз түсіп,тіркелгенін атап өтті.



















