ЖҮРЕГІН ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ДҮРСІЛДЕТКЕН
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімінің ұйымдастырумен Ғ.Мұратбаев ауылында Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына орай «Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен» атты аймақтық жас ақындар айтысы өткізілді.
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың 115 жылдық мерейтойына орай жас Ғанидің мағыналы өмірін ел жадында жаңғыртып,суырып салмалы ақындық өнер арқылы жалынды жастар жетекшісінің қысқа ғұмырындағы жүріп өткен жолдарын негізге ала отырып, жырға қосу, өлеңмен өрнектеу, додаға түскен талантты, дарынды, жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау.
Айтысқа Қармақшы ауданынан Мадияр Жасаңбай мен ЕркебұланСеріков, Арал ауданынан Бексұлтан Орынбасаров, Қазалы ауданы Майдакөл ауылынан Мұхаммед Қанапия, БекзатСерік, БекзатӘбдіқанов, Кәукей ауылынан АсланОңғар, Ғ.Мұратбаев ауылынанМадияр Әбілқасым, Аружан Иман қатысты.Айтыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең жұптық сайыс, екінші кезең Құлмамбет айтыс.Жас ақындар халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, айтысты өте тартымды, қызықты және әсерлі қылып өткізді.
Нәтижесінде бас жүлдені Аралдық ақын Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алса, І орынды Майдакөл ауылынан Мұхаммед Қанапия, ІІ орынды Серік Бекзат, ІІІ орынды Ғ.Мұратбаев ауылынан Иман Аружандар қанжығасына байлады. Сонымен қатар, Қармақшы ауданынан келген жас ақындар Жасаңбай Мадияр мен Серіков Еркебұлан, Кәукей ауылынан Оңғар Аслан, Ғ.Мұратбаев ауылынан Әбілқасым Мадиярлар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.