ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ЖАС КҮЙШІЛЕР САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ

Күй өнері арқылы оқушылардың ұлттық сана сезімін оятып, ұлттық құндылықтарын насихаттау, мәдениетіміз бен тарихымызды қастерлей білуге шақыратын шараны «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева ашты. Ол өз сөзінде жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігіне тоқталды.
-«Нұр Отан» партиясы Саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдық ретінде белгілеген. Болшақты бағамдап, рухани жаңғыруға бет алған елде тұрып жатқан біздер өзгелердің жақсы жағын бойымызға сіңіре отырып, ұлттық құндылықтарымызды дамытып, жас ұрпақты тарих пен рухани-мəдени құндылықтар сабақтастығы негізінде тәрбиелеуіміз керек,- деді ол.
Сайыс қорытыныдысында жүлделі І орынды аудандық балалар әуез мектебінің 3 сынып оқушысы Нұрсұлтан Бекет жеңіп алса, ІІ орынды 2 сынып оқушысы Ақмоншақ Жамбылқызы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар аудандық партия филиалының арнайы дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйылықтарға ие болды.
