ЖАҢА ЖОБА ЖАСТАРДЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАДЫ

Жастар әу бастан латын қарпіне көшу туралы бастаманы бірауыздан қолдап келеді. Оны латын қарпіне қатысты Елбасының соңғы сөзінен де аңғаруға болады. Өйткені, меніңше, латын әліпбиі қазіргі жас буынға біршама жақын секілді. Біз жастармен өзара СМС-хабарламаларды алмасқанда дәл осы латын әріптерін қолданамыз. Сондықтан да, әліпбидің соңғы нұсқасы жастардың көңілінен шығады деп ойлаймын.
Ең бастысы, жаңа нұсқада қазақтың төл әріптерінің белгіленгенін ерекше атап өтуге болады.
Жарас НЫСАНБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы
ұйымдастыру - бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты.