ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Салтанатты шарада, бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталса, білім саласында еңбегімен еленген 18 мұғалім аудан әкімінің Алғыс хатымен және № 13 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Алданыш Әбжалиев пен «Айдын» балабақшасының меңгерушісі Лиза Әбдікәрімова Арал ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Сонымен қатар, шара барысында аудандық пән олимпиадасының қорытындысы жария етілді. Нақтырақ айтқанда, химия пәні бойынша өткізілген жарыста Арал қаласындағы №83 орта мектептің мұғалімі Назгүл Махамбетжанова үздік деп танылып, бас жүлде – автокөлікке ие болды. Бұдан бөлек, бірінші орын алған ұстазға 500 мың теңге, екінші орыннан көрінген екі ұстазға 200 мың теңге және үшінші орын иемденген төрт мұғалімге 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.




