ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру бағытында жұмыс істеп жатқан топ мүшелері әліпбидің жаңа нұсқасын таныстырды.
Ғалымдар Елбасына жаңа нұсқаны әзірлеуде қоғамдық талқылаулардағы пікірлер ескерілгендігін жеткізді.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды ұдайы назарда ұстайтынын жеткізіп, қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы түсіндірме жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.