АРАЛДА ҚҰРЫШ ҚАЗАҚТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сыр елінің құрыш қазағы атанған қазақтың қайсар ұлы, өршіл ақыны, жерлесіміз Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдық мерейтойы тойланды.
Аталмыш мерейтой қалалық мәдениет үйіне Зейнолла Шүкіровтің есімін беру салтанатымен басталды. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жыл басынан бері облыс көлемінде арқалы ақынның мерейтойы аталып келе жатқандығын айтып өтті. Зейнолла шығармалары қанша уақыт өтсе де, ескірмейтін құндылыққа айналғандығын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан ардагерлері де естелік айтып, ізгі ниеттерін білдірді.
Шара барысында аудан әкімі М. Оразбаев қалалық мәдениет үйінің директоры А.Тұяқоваға мәдениет үйіне З. Шүкіровтің есімін беру туралы Үкімет қаулысын салтанатты түрде табыстады.
Кеште жергілікті өнерпаздар Зейнолла қаламынан туған «Жас жесір» спектаклін сахналады.