ҚАЗАЛЫДА «ҚҰЛАН» БАҒДАРЛАМАСЫ 130,6 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ
Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Өтеп-Әлі тұрақты кеңес мәжілісінде баяндады. Жыл басынан бері 3 шаруашылық 23,1 млн теңгеге 81 бас бие және 7 бас асыл тұқымды айғыр сатып алды.
«Алтын асық» бағдарламасы негізінде 125 бас аналық қой 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланып отыр. Ал «Сыбаға» бағдарламасымен 4 шаруашылық 20,3 млн теңгеге 114 бас аналық және 8 бас бұқа сатып алған.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне «Алтын асық», «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламаларын жыл аяғына дейін 100 пайыз көрсеткіште орындауды тапсырып, жергілікті тұрғындар арасында ауылшаруашылығы кооперативтері мен салалық бағдарламалардың тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жалғастыруды міндеттеді.