АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай облыс әкімі Қ.Көшербаев ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Биыл Сыр диқандары күріштен мол өнім алды. Күріштің әр гектарынан 50,1 центнерден өнім алып, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қамбаға 396 мың тонна Сыр салысын құйды. Облыс халқының 64 пайызы ауылда тұратынын ескерсек, бұл нәтиже халықтың әл-ауқатын арттыруға септігі тигізетіні анық.
Салтанатты шара барысында аймақ басшысы осы саладан тер төгіп жүрген жандарды құттықтап, алғысын білдірді. Еңбектің ерен үлгісін көрсетіп жүргендер ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.