АЙ БОЙЫ АКЦИЯ ӨТЕДІ
Қазан айының аяғына дейін Қызылордада даун синдромына шалдыққан балалар үшін акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Қоғам ТВ».
Ай бойына балалар үшін түрлі мерекелер, қайырымдылық концерттері, жәрмеңкелер мен көрмелер өткізіледі.
Акция аясындағы шаралар легінде «Солнечный ребенок» қоғамдық қоры мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында меморандумға қол қойылды. Балалар қуыршақ театрының қойылымын тамашалады.