ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 9-10 қазан Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Бүгін күндіз кей аумақтарда жел екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы