СҰЛТАН БЕЙБАРЫС КӨШЕСІ 4 ЖОЛАҚТЫ БОЛАДЫ
Облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде кептеліс салдарынан жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Осыған байланысты көшені 4 жолақты етіп кеңейтіп, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше 1,7 шақырым жолды жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады.