ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛУДА
ҚР Бас прокуратурасы әзірлеген «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін құрылған арнайы жұмысшы топ Қазалы ауданында болып, жоба бойынша жұмыстар жүргізді.
Жобаның қорытынды шарасында аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу мақсатындағы жобаның ауданда сәтті жүзеге асырылғанын айтты.
Жұмысшы топ бес күн бойы аудандағы түрлі сала өкілдерімен: білім саласы мамандарымен, спортшылармен, мешіт имамдарымен, дәрігерлермен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырып, тұрғындарды қабылдады.
Сонымен қатар, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» тақырыбында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Ол өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды.