ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Астана қаласында «Демалыс»–«AstanaLeisure2017» 14-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесі ашылды. Осы жылы көрмені әлемнің 22 елінен келетін 1500 шетелдік тамашалайды.
Көрмеге әлемнің 11 елінен 100 компания қатысуда. Атап айтсақ, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Египет, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Ресей, Словения, Таиланд және Украинадан келген туристік бизнестің кәсіби мамандары салалық бағыттар мен 2017 жылдың күзгі-қысқы маусымының жаңалықтарын ұсынды. Сонымен қатар, осы жылғы көрмеге «KazakhTourism» АҚ Ұлттық компаниясы қатысқанын ерекше атап өткен жөн.
Көрмеде Қызылорда облысының туристік әлеуеті бейнеленді. «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Қорқыт Ата мемориалды кешені, Арал теңізі, Қамыстыбас көлі, Жаңақорған ауданының тау жоталары жайлы толыққанды мәлімет берілді.
Сонымен қатар, басқа да өңірлердің туристік операторларымен іскерлік қарым қатыстар орнатылды.