ҚАРТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДЕН ӨТТІ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша халықаралық Қарттар күніне орай осы жылдың 2-6 қазаны аралығында республика бойынша «Ашық есік» күндері өткізілді.
Шара аясында барлық емханаларда бес күн бойы қарттарды профилді мамандар қарап, алдын ала медициналық тексерулер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар оларға саулығына қатысты мәселелерге орай денсаулық сақтау басқармаларына, Астана мен Алматы қалаларындағы CALL-орталығына хабарласуға болатындығы түсіндірілді.